Жапонияда ақжауын толастар емес
Жапония жауыннан көз аша алмай қалды. Өңірде қауіптің ең жоғары бесінші деңгейі жарияланды.
Фукуи префектурасындағы үш қаланың тұрғындарына шұғыл ескерту жіберілді. Ақжауын үсті-үстіне төпелеп, өзендер арнасына сыймай тасып жатыр. Бірнеше ауданды су басты. Бір ғана Кацуяма қаласына бір тәулікте 400 миллиметр ылғал түскен. Жаңбыр тіпті кей жерде топырақты шайып кетті. Метеорологтар жаңбыр тоқтамаса, көшкін жүру қаупі барын ескертті.