Сеутадан 100 заңсыз мигрант депортацияланды
Кейінгі бір айда Испанияның Сеута қаласынан қылмысқа қатысты 100 заңсыз мигрант депортацияланды. Бұл туралы премьер-министр Педро Санчес мәлімдеді.
Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары қалада криминогендік жағдайдың нашарлағанын хабарлаған еді. Ұрлық, тонау және көшедегі қақтығыстардың көбеюіне байланысты жедел қызметтерге түскен өтініштер саны 10 есе артқан. Естеріңізге салайық, шілде айының соңында Сеута анклавына Марокко елінен 72 мыңнан астам адам заңсыз кірген. Педро Санчес мигранттардың не себепті жаппай ағылып жатқанын анықтау бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтты.