Канар аралдарына бір күнде 2100 мигрант жетті

Испанияның Канар аралдарында көші-қон дағдарысы күшейіп барады. Кейінгі тәулікте бұл жаққа 2100 мигрант келген. Сол себепті Испания Эль-Йерро аралына 120 сарбаз аттандырды. Олардың құрамында үш дәрігер мен сегіз медбике бар, сондай-ақ 25 арнаулы көлік, оның ішінде екі жедел жәрдем көлігі бар, деп хабарлайды 24KZ.

Мамандар уақытша медициналық бекеттер ашып, мигранттарға медициналық және гуманитарлық көмек көрсетеді. Айта кетейік, Канар аралдары Африкадағы Мали, Сенегал және Мароккодан Еуропаға бет алған мигранттар үшін басты өткел. Дерекке қарағанда, жыл басынан бері бұл жаққа 28 мыңнан аса адам келген. 

Сондай-ақ оқыңыз: