БҰҰ: Эбола безгегі өте жылдам тарап жатыр

Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегі

өте жылдам тарап жатыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Том Флетчер вируспен күрес жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу жеткіліксіз екенін айтып, халықаралық қауымдастықты шұғыл әрі ауқымды шара қабылдауға шақырды. Қазір елде 11 миллионға жуық адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Қарулы қақтығыстар салдарынан мыңдаған отбасы үйсіз-күйсіз отыр, тағы азық-түлік тапшылығы күшейген. Кейінгі мәліметтерге қарағанда, ауру жұқтырғандар саны 6000-нан асты, олардың жартысына жуығы көз жұмған.

Сондай-ақ оқыңыз: