АҚШ Иранға қарымта соққы жасады
АҚШ әскері Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусының нысандарына соққы жасады.
Мұны АҚШ Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Бұл Иранның Ормуз бұғазындағы азаматтық кемелер мен аймақтағы американдық базаларға жасаған соққысына қарымта жауап. Президент Дональд Трамп "Трус Соушэлдегі" ((Truth Social)) парақшасына осылай деп жазған. Егер "Тегеран кері шабуыл жасаса, Иранды жермен жексен етеміз", дейді Ақ үй басшысы.