Израиль Газада ХАМАС өкілін қолға түсірді

Израиль Газа секторында арнайы әскери операция өткізіп ХАМАС ұйымының жоғары шенді өкілін қолға түсірді. Ол қозғалыстың ішкі қауіпсіздік қызметін басқарған. 

Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Қамауға алынған ХАМАС өкілінің 2023 жылдың қазанындағы Израильге жасалған шабуылға қатысы болған. Операция кезінде Израиль әскері Газа қаласының батысы мен солтүстігін бомбалады. Бұл аудандарда баспанасынан айырылған босқындар тұрады. Шабуыл салдарынан алты адам қаза тапты. Былтыр қазанда бейбіт бітім күшіне енген еді. Алайда Тель-Авив Газаға соққы жасауды тоқтатар емес. Израиль билігі бұл палестиналық қарулы топтардың шабуылдарына қарсы тұру үшін қажет дейді.

Сондай-ақ оқыңыз: