АҚШ Иранмен сауданы тоқтатуға шақырды

АҚШ әлем елдерін Иранмен экономикалық байланысты тоқтатуға шақырды. Президент Дональд Трамп Мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға осындай тапсырма берген.

Қазір елдің Сыртқы саяси мекемесі оны өзге үкіметтерге дипломатиялық өкілдіктер арқылы жеткізіп жатыр. Ресми Вашингтон Иран банктерінің филиалдарын жабуды да талап етіп отыр. Оларды орындаудан бас тартқан мемлекетке қатаң санкциялар енгізетінін ескертті. Доллар жүйесінен ажырататынын айтады. Талаптардың орындалуын бақылау үшін арнайы топ құрылады.

Сондай-ақ оқыңыз: