Гамбиядан Канар аралдарына жол тартқан 80 мигрант қаза тапты

Қайықта 128 адам болған. Олар 26 күн бойы теңізде жүрген. Ұзақ сапар кезінде азық-түлік пен ауызсу таусылған.

Қайық Гран-Канария аралынан 120 шақырымдай жерден табылды. 45 адам аман қалды. Ауыр халдегі алты адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз: