Аустралиялық ғалымдар жәндіктерді қашықтан басқаруды үйренді

Адамға чип салып, алыстан басқарып отыруға бола ма? Мұндайды әзірге кинодан көреміз. Бірақ бұл да уақыт еншісіндегі шаруа. Ғалымдар чипті адамға орнатпағанмен, жәндіктерге салып жатыр. Сөйтіп тарақандар тірі машинаға айналып иесінің айтқанын қалтқысыз орындауға көшті. 

Аустралиялық ғалымдар жәндіктерді қашықтан басқаруды үйренді. Олардың жүйке жүйесіне арнайы электр чипін орнатқан. "Ерекшелігі сол, киборг-тарақандар қандай тапсырма берілсе де, соны бұлжытпай орындайды", - дейді мамандар.

Тханг Во-Доан, Квинсленд университетінің биоробототехника инженері:

- Арқасына бақылау камерасын орнатуға болады. Бұл іздеу-құтқару жұмыстарын жеделдетеді. Сондай-ақ дәрі-дәрмек те тасиды. Яғни жарақат алған адамға шұғыл медициналық көмек көрсете алады.

Клиникалық сынақ,, киборг-тарақандар ине салуды 95 пайызға меңгергенін көрсетті. Ғалымдар "робот құрастырғаннан гөрі жәндіктерге электрлі чип орнатқан тиімді екенін айтады. Өйткені темір көмекшілер жәндіктер орындайтын жұмыстарды орындай алмайды. «Ол күнге жету үшін көптеген техникалық мәселені шешу керек», - дейді олар.

Тхань Нхо До, Жаңа оңтүстік Уэльс университеті медициналық робототехника зертханасының директоры:

- Науқасты ауруханаға жеткізгенше күтіп отырмай, дәрі егуді немесе операцияны зардап шеккен адам жатқан жерде жасау медицина саласында жаңа қадам болмақ.

 Зерттеушілер алдағы уақытта киборг-жәндіктер тобын құруға ниетті. Тарақандардың бірі үйінділер астынан адамдарды іздесе, енді бірі медициналық көмек көрсететін болады. Ғалымдар жобаны алдағы 5-10 жылда қолданысқа енгіземіз, - деп жоспарлап отыр.

Авторы: Зайнұр Байжігіт

Сондай-ақ оқыңыз: