Оман Иранмен келісімнен бас тартты

Оман Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелерінен бірігіп салық жинау туралы ұсынысын қабылдамай тастады. New York Post басылымы "Маскет бұл қадамға АҚШ президентіне қарсы келмес үшін барды" деп жазған. Сонымен қатар Оман Ормуздың экожүйесін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ерікті алымды жинау идеясынан да бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Тегеран мен Маскат бұғазда уақытша теңіз дәлізін құруға уағдаласқан еді. Бұл бағыттағы келіссөздер бір айға жуық уақытқа созылды. Ақ үй аталған бастамаға әуелден қарсылық білдірген. 

Сондай-ақ оқыңыз: