Жапонияда бала туу көрсеткіші өсті

Жапонияда бала туу көрсеткіші кейінгі 11 жылда алғаш рет өсті. Биылғы алты айда елде 340 мыңнан астам сәби дүниеге келген.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға көп. Мұндай деректі Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Сарапшылар өсімді некелесу санының артуымен байланыстырады. Бұл үрдіс 2024 жылы байқалып, әлі де жалғасып келеді. Мамандар көрсеткіштің өсуіне коронавирус пандемиясынан кейінгі шектеулердің аяқталуы да әсер еткенін айтады.

Сондай-ақ оқыңыз: