Йемендегі су тасқыны 70 адамның өмірін қиды
Йеменде нөсер жаңбыр мен тасқыннан 70-ке жуық адам опат болды. Табиғи апаттан 8 мыңнан астам отбасының үйі қираған. Бұған қоса жолдар, егістік алқаптар мен электр желілері бүлінді.
Жергілікті билік апат салдарын жою жұмыстарына халықаралық ұйымдардан қолдау көрсетуді сұрады. Мамандар алдағы апталарда жаңбыр мөлшері әдеттегіден көп болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл жаңа тасқын мен көшкін қаупін арттыруы мүмкін.