No comment: Қытайда нөсерден кейін көшелерді су басты
Қытайдың Фуцзянь провинциясында су басты. Оған «Саудель» тайфуны себеп болған. Толассыз жауған нөсерден кейін елді мекендердегі су деңгейі күрт көтерілді. 599 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Құтқарушылар үйлерді аралап белден келетін судан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Табиғи апат салдарын жоюға қазынадан 31 млн доллар қаржы бөлінді.