Қытайда өсімдік майынан әуе отыны өндіріледі

Қытайлық ғалымдар өсімдік майынан авиаотын жасап шығару әдісін ойлап тапты. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Жаңа технология мейрамханалардан шығатын май қалдықтарынан экологиялық таза отын өндіруге мүмкіндік береді. Пайдаланылған май арнайы герметикалық ыдыстарға жиналып, кейін қайта өңдеу станцияларына жеткізіледі. Мұндай шаралар авиация өнеркәсібіне атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газының көлемін азайтуға көмектеседі. Бүгінге дейін мамандар 50 000 тоннадан астам тамақ қалдықтарын өңдеп үлгерді. 

Сондай-ақ оқыңыз: