Непалда су басқан туннельден 3 адам құтқарылды

Непалда алапат тасқыннан кейінгі құтқару операциясының оныншы күні су басқан жертөледен бір ер адам құтқарылды. Осының алдында екеуі аман шығарылған еді. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Бірақ билік өкілдерінің айтуынша, із-түссіз жоғалғандар тізімінде әлі 900-ге жуық тұрғын бар. Олар – жергілікті су электр стансаларының жұмысшылары. Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Непал мен Тибеттің шекарасында мұздықтар еріп, алапат тасқын басталды. Кейінгі мәлімет бойынша, табиғи апаттан 1300-ден астам адам опат болған. Жалпы 5 жарым мың адам хабар-ошарсыз кеткен. 

Сондай-ақ оқыңыз: