Индонезияда жанартау атқылай бастады

Индонезияда Анак-Кракатау жанартау оянды. 

От-жалынның биіктігі 15 шақырымға дейін жеткен. Билік өкілдерінің айтуынша, күл бірнеше аймаққа, оның ішінде ел астанасы Джакарта мен Сумарта аралының аумағына дейін жайылған. Осыған байланысты бес бірдей әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылған. 300-ден астам рейс кейінге шегерілді. Арасында 60 халықаралық рейс бар. Елдің Табиғи апат салдарымен күрес агенттігі жасанды түрде жаңбыр жаудыру операциясы қолға алынуы мүмкін деп мәлімдеді. 2 шілдеге дейін Анак-Кракатау ауданында қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланған. 

Сондай-ақ оқыңыз: