АҚШ-Ресей келіссөздері үш сағатқа созылды

Мәскеуде АҚШ пен Ресей арасында келіссөздер өтті. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеуге келіссөздерді «мазмұнды, сындарлы, барынша ашық өтті» деп сипаттады.

Жабық форматтағы кездесу үш сағатқа созылған. Дерекөздердің хабарлауынша, тараптар Ресей-Украина қақтығыс тоқтату жоспарын талқылады. АҚШ делегациясын әдеттегідей арнаулы өкіл Стив Уиткофф пен кәсіпкер Джаред Кушнер бастап барған. Олар Мәскеуден кейін бірден Киевке аттанды. Ресей осы жолы оқ атуды үш күнге тоқтатынын жариялаған. Украина тарапы да дүйсенбіге дейін оқ атпауға дайын екенін жеткізді. Бұған дейінгі басқосу ақпанда ұйымдастырылған болатын.

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Біз келіссөз үдерісінің және келіссөз жүргізушілер мен оларды алып жүрген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Стив Уиткофф, АҚШ-тың арнаулы өкілі:

- Бізді бүгін осында қабылдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл — біз көптен күткен кездесу болатын. Осы кабинетке кірер алдында, зейнеткерлікке шыққан соң, бізде бұл күнге қатысты көп естелік қалатынын айттық.

 

Сондай-ақ оқыңыз: