Мексикадағы жарылыстан 10 адам опат болды
Мексикада шіркеу жанында пиротехника жарылып, 10 адам жан тапсырды. Тағы 64-і жарақат алды. Жарылыс Мариям мерекесіне дайындық кезінде Санта-Мария-Канчесда елдімекенінде болған.
Пиротехникалық заттар шіркеу маңындағы ғимаратта сақталған екен. Жарылыстан жақын маңдағы құрылыс қирап, адамдар үйінді астында қалған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында балалар бар.
Қазір құтқарушылар іздеу құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жарылыстың нақты себебі белгісіз.