Иран Ормуз бұғазында шектеуді күшейтеді
Иран Ормуз бұғазын айналып өтетін кемелердің қозғалысын шектейді. Бұл жөнінде Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің жаңа басшысы Мохсен Резаи мәлімдеді.
Оның айтуынша, Тегеран бұғаздың сыртында оқшаулау аймағын белгілеп, кез келген кеме қатынасына тыйым салады. Талап орындалмаған жағдайда, кемелер Иранның санкциясына ілігеді.
Алдын ала жоспар бойынша жаңа аймақ АҚШ Әскери-теңіз күштерінің қоршау шебінен басталып, Ормуз бұғазына қарай созылады, одан әрі Парсы шығанағына жалғасады.