Майами әуежайында жүк ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
АҚШ-тың Майами халықаралық әуежайында Amazon компаниясына тиесілі Boeing 767-300 жүк ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына 60-тан астам арнайы техника мен шамамен 200 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, Amazon компаниясының 7598 рейсі жексенбі күні шамамен сағат 14:00-де Майами әуежайына қонғаннан кейін ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.
Boeing 767-300 ұшағы Пуэрто-Рикодағы Луис Муньос Марин атындағы халықаралық әуежайдан Майамиге ұшып келген.
Amazon өкілі Келли Нантелдің айтуынша, ұшақ қонуға әрекет жасаған кезде апатқа ұшыраған. Компания оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті ақпаратты жинап жатқанын хабарлады.
Апаттың нақты себептері әзірге белгісіз. Оқиға бойынша тергеу басталды.