Делиде ғимарат опырылып, 6 адам қаза тапты
Үндістанның Нью-Дели қаласында көпқабатты ғимарат құлап, 6 адам қаза тапты. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуінің жағдайы ауыр.
Полицияның мәліметінше, ғимарат шамамен 40-50 жыл бұрын салынған. Бесқабатты нысанда адамдар уақытша тұрған. Оқиға кезінде жертөледе жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршып, тірі қалғандарды іздеп жатыр.
Ал ғимараттың не себепті құлағаны анықталуда. Қала билігі қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.