Таудағы трагедия: қар көшкіні астында қалған 11 альпинист қаза тапты

depositphotos.com

Қабарда-Балқар Республикасының Безенгий шатқалындағы Мижирги тауында орын алған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандардың саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды «24KZ».

Төтенше жағдайлар ведомствосының нақтыланған мәліметі бойынша, кешкі уақытта белгіленген маршрут бойынша жүріп келе жатқан альпинистер тобына кенеттен қар көшкіні түскен. Топ құрамында барлығы 33 адам болған. Олардың ішінен 10 адам өз бетімен төмен түсіп үлгерсе, 6 зардап шегуші ауруханаларға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Өкінішке қарай, қалған 11 адам алған жарақаттарынан көз жұмды.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда. Күрделі таулы рельеф пен жаңа лавина қаупі іздестіру шараларын қиындатып жатыр. Құқық қорғау органдары мен прокуратура қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын бастады.

Сондай-ақ оқыңыз: