Израиль Ұлыбритания консулдығын жабады
Израиль Шығыс Иерусалимдегі Ұлбыритания консулдығын жабады. Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Ұлыбритания бұдан былай АҚШ бастаған Газа бойынша үйлестіру миссиясына қатыспайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар британдық шенеуніктерге Израиль аумағына кіруге тыйым салынбақ. Ұлыбритания болса, Израильдің Батыс жағалаудағы заңсыз әрекеттерін қатаң сынап келеді. Тіпті ол жақтан келетін тауарларға қарсы санкция енгізуді көздеп отыр. Израиль мұны «саяси қысым» деп санайды. Ал Ұлыбритания бұл шаралардың Батыс жағалаудағы қоныстардың кеңеюіне және екі мемлекет құру идеясын қолдауға бағытталғанын алға тартады.