Британияда ЖИ зертханасы ашылады
Ұлыбританияда биологиялық қауіптерді зерттейтін әлемдегі алғашқы жасанды интеллект зертханасы ашылады, деп хабарлайды 24KZ.
Жобаға 134 млн доллар бөлінеді. Мамандар ЖИ арқылы қауіпті инфекцияларды ерте анықтап, олардың таралуын бақылайды. OpenAI мен Anthropic компаниялары зертханаға өздерінің жаңа ЖИ модельдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Жасанды интеллект қауіпсіздігі институтына қосымша 300 млн доллар бөлу жоспарланып отыр.