Перуде 600 жыл бұрынғы қорым табылды
Перу археологтары 600 жыл бұрынғы қорымды анықтады. Онда 38 адамның мәйіті жерленген.
Рейтердің жазуынша, қорым Чиму өркениетіне тиесілі. 5 секцияға бөлінген қабірстанның биіктігі 17 метр. Ғалымдардың болжамы бойынша, орталық бөлмеде тайпа көсемі жерленген болуы мүмкін. Оның жоғары әлеуметтік мәртебесін жанынан табылған көптеген қымбат заттар дәлелдейді. Жағалай алтын және металдан жасалған бұйымдар мен қару-жарақ қойылған. Басқа адамдардың қаңқасы жартылай бүгілген немесе отырған қалыпта табылды. Чиму өркениеті Перудің солтүстік жағалауында XV ғасырда инктер жаулап алғанға дейін өмір сүрген.