Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Перуде жер сілкінді.
Зілзала қуаты 6,7 балға жетті. Дүмпу ошағы Анд тауларында орналасқан Анисо елді мекенінің маңында тіркелді. "Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің дерегі бойынша 2 адам жараланды. Сондай-ақ елдің оңтүстігінде 20-дан аса тұрғын үй мен 10-ға жуық әлеуметтік нысан қирады. Жойқын зілзала қала мен елді мекендерден бөлек ел астанасы Лимада да сезілді. Естеріңізде болса, 10 тамызда көрші Колумбияда да жер сілкініп, 282 мың адам зардап шекті. Ал Венесуэлада маусымда болған зілзаладан 6 жарым мыңға жуық тұрғын опат болды.