Трамп көмекшілеріне мерекелік сыйлық ретінде 45 мың доллардан ақша таратты

фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі жақын үш көмекшісіне мерекелік сыйлық ретінде 45 мың доллардан, тағы бір қызметкеріне 20 мың доллар қолма-қол ақша берген, деп хабарлайды 24KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ақша алғандардың қатарында Трамптың хатшысы Натали Харп, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Марго Мартин және Президент кеңсесі операциялары директорының орынбасары Чемберлен Харрис бар. Ал операциялар жөніндегі тағы бір көмекші Уолт Наутаға 20 мың доллар берілген.

Ақ үйдің қаржылық есебінде бұл төлемдер «мерекелік ақшалай сыйлық» ретінде көрсетілген.

Алайда сыйлықтар қоғамның назарын аударды. Өйткені АҚШ заңнамасында федералды қызметкерлердің мемлекеттік жалақысынан бөлек сыйақы алуына шектеулер бар.

Ақ үй өкілі Дэвис Ингл сыйлықтардың заң мен этика талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Трамптың өз айналасындағы адамдарға мерекелік сыйлық беру дәстүрі бұрыннан бар және бұл төлемдер олардың мемлекеттік қызметіне байланысты емес.

Сондай-ақ оқыңыз: