Швеция елден шығу төлемін көбейтті

Швеция Үкіметі өз еркімен Отанына оралатын шетелдіктерге төленетін өтемақы көлемін арттырды. Енді бір адамға 37 мың доллар төленеді. Ал отбасылар үшін сома көлемі бұдан 2 есе көп.

Ең бастысы ықтиярхаттың жарамдылық мерзімі жараса болғаны. Қаржы өз Отанына қайтатын немесе Еуроодаққа мүше емес мемлекеттерге көшуге ниетті адамдарға беріледі. Десе де бағдарламаға әзірге сұраныс жоғары емес. Жыл басынан бері бұл төлемді бар-жоғы 170-тей адам алған.

Сондай-ақ оқыңыз: