АҚШ қор нарығы құлдырады

АҚШ-тың негізгі қор нарықтары құлдырады. S&P 500 бір жарым, Dow Jones 0,77, Nasdaq 0,64 пайызға төмендеген. Сарапшылар бұл кері кетуді АҚШ пен Иран арасының ушығуымен байланыстырады.

Кейінгі кезде тараптар зымыран шабуылын күшейтті. Мұның соңы энергия ресурстарының қымбаттауына әкелді. Brent маркалы мұнайдың баррелі шілде айынан бері алғаш рет 100 долларға сатылып жатыр. Америкалық WTI фьючерстерінің бағасы 96 долларға жетті. Мемлекеттік облигациялар құнының өсуі мен инфляция қаупінің артуы да нарыққа қосымша қысым түсіріп отыр. Инвесторлар АҚШ Федералды резерв жүйесінің негізгі мөлшерлеме бойынша шешімін тағатсыздана күтеді. Ол алдағы аптада белгілі болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз: