Нью-Делиде БРИКС саммиті өтеді

Үндістан астанасы 18-ші БРИКС саммитін өткізуге дайындалып жатыр. Нью-Делиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 7 мыңдай полицей мен арнайы жасақ сарбаздары жұмылдырылған.

Саммит 12-13 қыркүйек күндері өтеді. Биылғы тақырып «Тұрақтылық, инновациялар, ынтымақтастық және тұрақты даму негіздерін қалыптастыру». 

БРИКС – 2001 жылы құрылған. Дамушы елдердің экономикалық күшін біріктіру арқылы әлемдік экономикалық тәртіптің жаңа үлгісін ұсынуды көздейді. Қазір ұйымға Бразилия, Қытай, Иран, Ресей және Сауд Арабиясын қоса есептегенде 11 мемлекет кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз: