Эбола вирусы жылдам таралып жатыр

Конго Демократиялық Республикасында эбола індеті жаңа аймаққа тарап жатыр. 

Солтүстік Киву провинциясының Кайна ауданында аурудың жаңа деректері тіркелді. Қазір вирус елдің алты провинциясындағы 61 ауданға жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Індеттен көз жұмғандар саны 3 мың 200-ден асты. Жағдайға байланысты Конго билігі мен Денсаулық ұйымы бірлесіп жаңа 180 күндік жоспарды іске қосты. Оның мақсаты ауруды ерте анықтап, індет тарамаған аймақтарды алдын ала дайындау. Ұйым жобаны жүзеге асыру үшін халықаралық донорлардан 1 млрд 300 млн доллар сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз: