Кенияда Эбола безгегінен екінші науқас көз жұмды
Дәрігерлер 65 жастағы әйелге ем көрсеткенімен, құтқара алмады. Марқұм қазан айының басында вирустан қайтыс болған ер адамның жақын туысы болған. Жалпы елде инфекция жұқтырудың тоғыз жағдайы тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір жеті науқасқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал Конго Демократиялық Республикасында эбола дерті биыл мамырда анықталды. Елде вирусты 9 мыңнан аса адам жұқтырған. Қауіпті дерттен 4 мыңнан астам адам жан тапсырды.