Д. Трамп әр америкалыққа $5 мың уәде етті
АҚШ президенті Дональд Трамп кәмелетке толған әр америкалыққа 5 мың доллардан төлейтінін мәлімдеді. Мұндай қаржыландыру алдағы Конгресс сайлауында Республикалық партия жеңіске жетсе ғана жүзеге асады.
Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Қазір АҚШ-та кәмелет жасына толған 270 млн азамат бар. Сәйкесінше, жалпы шығын көлемі шамамен 1 трлн 350 млрд-тан асып жығылады. Бұған дейін Ақ үй басшысы бұл бастамасын Даллас қаласында өткен Республикалық партияның съезінде де көтерген еді. АҚШ-та аралық Конгресс сайлауы 3 қарашада өтеді. Америкалықтар дауыс беру арқылы Өкілдер палатасының толық құрамын, сондай-ақ АҚШ Сенатындағы 100 орынның 33-ін сайлайды.