Ормуз бұғазында ірі көлемде мұнай төгілді
Ормуз бұғазының шығысында аумағы 400 шаршы шақырымға дейін жететін ірі мұнай дағы анықталды.
Бұл туралы немістің Дер Шпигель журналы спутниктік түсірілімдер мен Гринпис экологиялық ұйымының деректеріне сүйеніп хабарлады. 9 қыркүйектен бері ластанған аумақтың көлемі екі есе ұлғайған. Алдын ала болжам бойынша мұнай Зимбабве туы ілінген танкерден төгілген. Экологтар теңіз 7 қыркүйектен бері ластанған деп бағалап отыр. Қазір ірі дақ ашық теңізде жылжып барады. Ол Иран жағалауындағы сулы-батпақты алқаптарға дейін жетуі мүмкін. Басылым 5 қыркүйекте америкалық әскери күштердің Иранға тиесілі үш мұнай танкеріне шабуыл жасағанын жазған.