Ормуз бұғазында ірі көлемде мұнай төгілді
Ормуз бұғазының шығысында аумағы 400 шаршы шақырымға дейін жететін ірі көлемде мұнай төгілді.
Бұл туралы спутниктік түсірілімдер мен Гринпис экологиялық ұйымының деректеріне сүйеніп, немістің «Дер Шпигель» журналы жазды. 9 қыркүйектен бері ластанған аумақтың көлемі екі есе ұлғайған. Алдын ала болжам бойынша, мұнай Зимбабве туы ілінген танкерден төгілген. Қазір мұнай ашық теңізге қарай жылжып барады. Басылым 5 қыркүйекте америкалық әскери күштердің Иранға тиесілі үш мұнай танкеріне шабуыл жасағанын жазған.