Индонезияда жолаушылар кемесі аударылды

Индонезияда 240-қа жуық адам мінген жолаушылар кемесі суға кетті. Кеме Ява провинциясындағы екінші үлкен қала Сурабаядан Борнео аралындағы Оңтүстік Калимантанға бет алған.

Ауа райы күрт бұзылып, жолда қатты дауылға тап болған. Құтқарушылар 103 адамды судан алып шықты. Шамамен 140 адам іздестіріліп жатыр. Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз: