Солтүстік Корея теңізге қарай зымыран атты
Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай тағы зымыран атты. Мұны көршісінің Қарулы күштері хабарлады. Жапонияның теңіз күзетінің мәлімдеуінше, суға белгісіз снаряд құлаған.
Өткен аптада Сеул гипердыбыстық зымыран ұшырып, сынақтан өткізген еді. Осы айда қос Корея арасындағы ахуал шиеленісіп барады.
Таяуда қарусызданған аймақта мина жарылып, оңтүстік кореялық 3 сарбаз жараланды. Сеул Пхеньянның бұл әрекетін «заңсыз» деп, кешірім сұрауын талап етті. Алайда Солтүстік Корея билігі көршісінің мәлімдемесін жала жабуға теңеді. Бірер күн бұрын Пхеньян бірнеше зеңбірегін шекараға әкеліп қойды.