Азия қор нарығы құлдырады
Оңтүстік кореялық KOSPI алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 пайызға кеміген. Жапондық «Nikkei 225» пен тайвандық «Тай-экс» 1 пайызға төмендеді. «Азия қор нарығына әлемдік мұнай бағасының қымбаттауы себеп дейді», - мамандар.
Тағы бір фактор – инвесторлар АҚШ пен Жапонияда пайыздық мөлшерлемелер бойынша қандай шешім қабылданады деп күтіп отыр. Сарапшылар «аталған көрсеткіштер жоғарылауы мүмкін» деп болжайды.