Әлемде астық қымбаттады

Әлемде астық қымбаттай бастады. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының дерегі. Бидайдың бағасы бір айда 2,6 пайызға көтерілді. Ал кейінгі бір жылда 15 пайызға өскен.

Бұған климат өзгерісі, одан бұрын – жаһандағы геосаяси шиеленістер мен Қара теңіздегі кеме қатынасының шектелуі себеп. Биыл әлем 2 млрд 980 млн тонна астық орады. Бұл былтырғыға қарағанда 3,8 пайызға аз. Бірақ дүниежүзінде астық қоры жеткілікті. Дегенмен Таяу Шығыста әлгі айтқан кеме қатынастарының шектелуі, санкциялар бағаға әсер етуі мүмкін. Бұл арада Ресей, Украина секілді елдерде де экспорт жағы қиын болып тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз: