АҚШ ФРҚ пайыздық мөлшерлемені көтерді

АҚШ Федералды резерв қоры кейінгі 3 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені көтерді. Яғни 25 базалық тармаққа өскен. Сөйтіп мөлшерлемені 3,75-4% аралығына жеткізу туралы шешім қабылданды.

Шешімді осы іске жауапты Ашық нарықтағы операциялар комитетінің барлық 12 мүшесі бірауыздан қолдады. 

Ал мұның алдында Президент Дональд Трамп мөлшерлемені көтеруге қарсы болған еді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына «Мөлшерлеме деңгейі 1 пайыз немесе одан төмен болуы» керек деген. Айта кетейік, Федералды резерв қорының басшысы Кевин Уоршты Трамп өзі тағайындаған. Уорш өз ұстанымына сенімді. «Бұл шешім нарықты тұрақтандыру үшін қажет», - дейді ол.  

Сондай-ақ оқыңыз: