Германияда жанармай қымбаттады

Германияда жанармайдың литрі 2 еуро 30 центке дейін қымбаттады. Бұл туралы Неміс автомобиль клубы мәлімдеді. Дизель бағасы да өсті. Литрі – 2 еуро 42 цент. Енді саясаткерлер келесі айдың басынан бастап, бензин мен дизельге салынатын салықты 19 пайыздан 7 пайызға дейін төмендетуді ұсынып отыр.

Бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц көлік иелерінің қаржылық жүктемесін азайтуға келісіп, уәде берген еді. Ал Қаржы министрлігі «мұндай жеңілдіктер үшін бюджетте қаражат жеткіліксіз» деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: