ЕО балаларға әлеуметтік желіні шектеуі мүмкін

Еуроодақта 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салу ұсынылды. Бастаманы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен көтерді.

Ал 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер парақшасын ата-анасының рұқсатымен ғана аша алады. Одақ жеткіншектердің желіні пайдалану уақытын күніне бір сағаттан асырмауды да қарастырып жатыр. Талап онлайн ойындар мен жасанды интеллект чат-боттарын да қамтиды. Әлеуметтік желілер балаларды ұзақ уақыт қолдануға ынталандыратын функцияларды алып тастауы керек. Талапты бұзған компанияларға айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыз: