Австралияда шетелдік студенттерге жаңа шектеу енгізіледі

Австралия шетелдік студенттерге қатысты көші-қон талаптарын күшейтеді. Жаңа ереже бойынша олар елге отбасы мүшелерін әкеле алмайды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Үкімет бұл шара арқылы сыртқы көші-қон көлемін азайтуды көздейді. Сондай-ақ студенттік визаларды беру шарттары қатаңдатылады. Басымдық Австралияға қажет мамандық иелеріне беріледі. Олардың қатарында фельдшер, электрик және мұғалім бар. Үкімет алдағы бірнеше жылда шетелдік мигранттар санын 225 мыңға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: