Toyota зауыттарында роботтар жұмыс істейтін болады
Toyota компаниясы зауыттарына 40 мың адам тәріздес робот енгізеді. Құлтемірлер 2028 жылы жұмысқа кіріседі.
Олар өндірістің көлік құрастыру, ақауды анықтау және бояу сияқты бірнеше бөлімінде еңбек етеді. Сонымен қатар қызметкерлердің жұмысын бақылап, олардың әрекеттерін талдауға қолданылады. Жиналған деректер жаңа мамандарды оқытуға пайдаланылады. Бұл гуманоидтарды Toyota компаниясы әзірлеген.