Toyota 228 мың көлікті кері қайтарады
Toyota компаниясы көлік орындығындағы ақауға байланысты АҚШ-тағы 228 мыңнан астам Sienna гибридті көлігін кері қайтарып жатыр.
АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасының мәліметінше, жол апаты кезінде орындықтың арқалығы шығып кетуі мүмкін. Бұл жолаушылардың жарақат алу қаупін арттырады. АҚШ-тағы Toyota дилерлері мәселені шешу үшін тиісті бағдарламаны тегін жаңартады. Кейбір көлікте орындықтардың арқалығы ауыстырылады. Былтыр компания ақауға байланысты 168 мың минивэнді кері қайтарған еді.