Starship алғаш рет орбитаға шығады
SpaceХ компаниясы Starship ғарыш кемесін алғаш рет орбитаға ұшырады. Ол 28 қыркүйекке белгіленген. Бұл бағдарлама осы уақытқа дейін тек суборбитальды сынақтармен ғана шектеліп келді.
Енді жаңа кезеңі басталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ғарыш кемесі шамамен 275 шақырым биіктікке көтеріліп, Жер шарын 6 рет айналып шығуы керек. Ғарыш сапарының ұзақтығы 10 сағатқа жуықтайды. Ғарыш кемесі Тынық мұхитының Чилиден батысқа қарай орналасқан бөлігіне қонуға тиіс.