Йемендегі қақтығыстан 112 мың адам үйін тастап кетті

Йеменде қақтығыс қайта күшейіп, 112 мыңнан астам адам үйін тастап бас сауғалауға мәжбүр болды. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігі хабарлады. Бұған елдің батысындағы шайқастардың жиілеуі себеп.

Хуситтер Қызыл теңіз жағалауымен Баб-эль-Мандеб бұғазына қарай бет алып барады. Ал бұған жауап ретінде Сауд Арабиясы мен Йемен күштері хуситтер бақылауындағы нысандарды шабуылдауда. Қақтығыс күшейген соң мыңдаған адам теңіз арқылы Джибутиге қашқан. Бұл ел кейінгі бір аптада 3 мыңға жуық босқынды қабылдады. 

Сондай-ақ оқыңыз: