Жазғы Азия ойындарына 15 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр

Жапонияда XX Жазғы Азия ойындары ресми ашылды.

Салтанатты рәсім Нагоя қаласындағы "Палома Мидзухо" стадионында өтті. Жарысқа қатысушы мемлекеттер өкілдерінің дәстүрлі шеруі ұйымдастырылды. Қазақстан ұлттық құрамасының туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисі шебері Сарвиноз Миркадирова ұстап шықты. Додаға Азия құрлығындағы елдерден 15 мыңға жуық атлет қатысып, спорттың 43 түрінен бақ сынайды. Жапония 32 жылдан кейін Азия ойындарын қабылдап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: