Индонезиядағы кеме апаты: 9 адам көз жұмды
Индонезиядағы Ява теңізіне батып кеткен кемеден тағы бір адамның денесі табылды. Кеме 13 қыркүйекте апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың саны тоғызға жетті.
Ал қалған 126 адамның тағдыры әзірге белгісіз. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала ақпар бойынша, күн райы бұзылып, дүлей дауыл соққан. Теңіз толқынының биіктігі үш метрге дейін жеткен. Кейін кеменің сынықтары 30 метр тереңдіктен табылды. Кемеде 243 адам болған, олардың 108-і құтқарылды.