Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында 99,85% дауыспен жеңіске жетті
Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыров 100% хаттама өңделгеннен кейін республика басшысы сайлауында 99,85% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы Ресей Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Қадыровтан кейінгі орындарда Коммунистік партиядан кандидат Халид Накаев пен «Әділетті Ресей» партиясынан үміткер Исмаил Денильханов тұр. Олардың әрқайсысы 0,05% дауыс жинаған.
Дауыс беру 18-20 қыркүйек аралығында өтті.
Бұл жеңіс Рамзан Қадыровқа Шешенстанды бесінші рет басқаруға мүмкіндік береді. Ол республика басшысы қызметін 2007 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді.
2021 жылғы алдыңғы сайлауда Рамзан Қадыров 99,7% дауыс жинаған болатын.